Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Латын Америкасының чемпионы атағын қорғап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 16-шы кездесуін өткізіп, орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Латын Америкасының чемпионы атағын қорғап қалды.
«Бүгін 16-шы жекпе-жегімді өткіздім. 5-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағымды қорғап қалдым», - деп боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.