Қазақстандық боксшы Журавский үздіктер қатарынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) мамыр айындағы шығарылымы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Журавский үздіктер қатарынан шығып қалды

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам өз салмағындағы үздік 15 боксшының арасында 6-шы орынды сақтап қалды.

Жартылай орта салмақтағы Александр Журавский британиялық Стивен Даньға жеңілгеннен кейін үздіктердің қатарынан шығып қалды.