Қазақстандық боксшылар әлем чемионатына қатысуда

АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Біздің спортшылар Ереванда өтіп жатқан кадеттер арасындағы бокстан әлем чемпионатында сенімді өнер көрсетуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Бокс федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық төрт боксшы 42 елден 350-ден астам спортшы қатысып отырған жасөспірімдердің осы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты. 48 килә салмақ дәрежесінде Бағдат Уадаев Гаурава Бидхуриден (Үндістан) басым түсті, 50 киләға дейінгі салмақта Талғат Бертілеуов қарсыласы Ким Нае Джиді (Оңтүстік Корея) тізе бүктірді, 75 киләға дейінгі салмақта Ерасыл Сейфолданов Николай Милачичті 11:2 есебімен ұтты.Туринрдегі тартысты жеке-жек Ерболат Сейдалиев пен Карлос Чавес (АҚШ) арасында өтіп, біздің жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. Жартылай финалдық сайыстар ертең, мамырдың 29-ында өтеді. Ғаламшар біріншілігінің финалы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау мамырдың 30-ында болады.
Соңғы жаңалықтар