Қазақстандық боксшылар Алматыда WBC және WBO титулдары үшін айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қарашада Алматыда қазақстандық боксшылардың қатысуымен кәсіби бокстан MTK Golden Contract турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар Алматыда WBC және WBO титулдары үшін айқасады

Шоу аясында төрт титулдық жекпе-жек өтеді:

WBC Asia Youth титулы үшін бірінші орта салмақта Мирас Ертанов (1-0) — Дарын Имаханов (1-0);

WBO Asia Pacific Youth титулы үшін бірінші орта салмақта Ерасыл Ақранбек (1-0) — Нұрбол Сұлтанбай (2-0, 1 КО);

WBC Asia Youth титулы үшін екінші жартылай жеңіл салмақта Нұрсұлтан Исахан (1-0, 1 КО) — Әлімжан Тұрсұнов (3-0, 2 КО);

WBO Asia Pacific Youth титулы үшін екінші жартылай жеңіл салмақта Торғынбек Әміров (1-0) — Нұрболат Бекбауов (1-0, 1 КО).

Титулдардан бөлек жеңімпаздар танымал MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырады. Сондай-ақ, осы кеште шаршы алаңға басқа да отандық боксшылар шығады.