Қазақстандық боксшылар Чехияда өткен турнирде екі алтын, екі қола жүлде иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Нұрлан Айтуаровтың жетекшілігімен Чехияда өткен халықаралық турнирге қатысты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясынан хабарлады,
Турнир барысында Бекзат Халметов (69 кг) пен Нұрзат Сабиров (81 кг) алтын медальға қол жеткізді. Ал Алмасбек Әлібеков (64 кг) пен Нұржан Бекзатов (91 кг жоғары) қола медальді еншіледі.