Қазақстандық боксшылар халықарлық жарыста 7 медаль иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Украинаның Херсон қаласында өткен Николай Мангер Мемориалында жақсы нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш жарыс сәуірдің 10-ы мен 14-і аралығында өтті.
Біздің боксшылар жалпы саны жеті медальға қол жеткізді: үш алтын, екі күміс және екі қола.
Чемпион атағына ие болғандар: Жандос Несіпжан (49 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі) және Қуан Қуатов (64 келі). Күміс жүлде Азат Махметов (52 келі) пен Нұрболат Сермахановтың (+91 келі) еншісінде. Қола медальді Қанағат Маралов (69 келі) пен Ерік Әлжанов (75 келі) иеленді.