Қазақстандық боксшылар «Канело» жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады

None
Фото: prosports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) пен Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) келесі жекпе-жектерін 6 мамырда Гвадалахарада (Мексика) өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бастапқыда спортшылардың рингке 15 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Помона қаласында шығатыны жоспарланған еді. Бірақ олардың жекпе-жек кестесінде өзгеріс жасалған сияқты.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, мамыр айында Нұрмағанбет венесуэлалық Аргенис Эспаньямен (15-1, 14 КО), ал Аманқұл Мексика боксшысы Хесус Моройоки Паломареспен (7-2-1, 4 КО) жұдырықтасады.
Шоудың басты кездесуінде жергілікті жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) британдық Джон Райдерге (32-5, 18 КО) қарсы шығып, екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион титулын қорғайды.
Айта кетейік, екі қазақстандық боксшы қазір Сан-Диегода «Канеломен» бір залда жаттығып жүр.


Соңғы жаңалықтар