13:30, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстандық боксшылар қоржынында - төрт алтын
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Арменияның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Гагик Царукянның қолдауымен Ереванда ересектер арасында өткізілген халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар төрт алтын медаль жеңіп алды,
деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық үш спортшы турнир иелерімен ақтық жекпе-жектерді кезектен бұрын аяқтады. Серік Сапиев (69 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) өз бәсекелестерін нокаутқа екінші раундта, ал Василий Левит (91 келі) бірінші раундта-ақ аттандырды. Асқар Абдуллаев (81 келі) Грекия өкілін 16:14 есебімен жеңді.
Сонымен қатар, Ғани Жайлауов (60 келі) күміс жүлдеге, Біржан Жақыпов (49 келі) мен Данабек Сужанов (75 келі) екі қола медальды жеңіп алды. Барлығы турнирге 16 елден 112 боксшы қатысты. Біздің елден бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының 10 мүшесі барды.