Қазақстандық боксшылар Қытайдағы турнирден 4 күміс жүлдемен оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэе қаласында өткен жарыстан қазақстандық спортшылар олжалы оралды, деп хабарланған Қазақстан бокс федерациясының сайтында.
6-9 тамыз аралығында бокстан өткен халықаралық турнирге қазақстандық спортшы қыздар Айгерім Асқарова, Назым Қызайбай, Наталья Тарасенко және Шалтай Фариза қатысты. Жарыс қортындысында олардың әрқайсысы күміс жүлдеге ие болды.