Қазақстандық боксшылар Польшада екі «алтын», бір «күміс» пен үш «қола» еншіледі. ВИДЕО

Бұл туралы «В Контакте» әлеуметтік желісінде мәлім етілді.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ж.Шекербекова турнирдің финалында Канада боксшысы Мэнди Бужолдпен кездесіп, оны 10:7 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасының қоржынына екінші «алтынды» салуға Марина Вольнованың мүмкіндігі болды, бірақ ол лаң иесі Лидия Фидурамен өткен шешуші кезеңде 18:10 болып ұтылып, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
91 келіге дейінгі салмақтағы ерлер арасында Севастьяновқа тең келгендер болмады. Қазақстандық боксшы финалда юниорлар арасындағы әлем чемпионы, австралиялық вундеркинд Джей Опетайяны 16:10 есебімен жеңді.
Сондай-ақ жарыстың қола жүлдегерлері болып Азат Махметов (52 келі), Ғани Жайлауов (60 келі) пен Мейірім Нұрсұлтановтар (69 келі) атанды.