Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарт - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі әлем боксшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандықтар өз орындарында қалды. Бейбіт Шүменов - бірінші ауыр салмақтағы (90,7 килограмға дейін) ТОП-15-те екінші, Қанат Ислам бірінші орта салмақ дәрежесінде (69,85 келіге дейін) оныншы орында, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ (53,5 келіге дейін) дәрежесіндегі боксшылардың рейтингінде бесінші орынды сақтап қалды.