Қазақстандық боксшылар WBA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты өкілдерінің арасындағы 2017 жылғы желтоқсанның рейтингін жариялады, деп жазады Sports.kz.

Қазақстандық боксшылар WBA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

Қазақстандық боксшылардың бұрынғы орындары өзгеріссіз қалды: ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев 10-орында тұр, бірінші орта салмақ өкілі Қанат Ислам бұрынғысынша үздік 15 боксшы қатарында болса, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 12-орында, ал Bantamweight ( 53,525 кг) дивизионында жұдырықтасатын Жанат Жақиянов бесінші орында келеді.