Қазақстандық боксшылардың жаңартылған IBO рейтингіндегі орны белгілі болды

ФЛОРИДА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингтегі барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңа орнын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылардың жаңартылған IBO рейтингіндегі орны белгілі болды

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының орнын ұсынамыз:

Өте ауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкий IBO Inter-Continental чемпионы атағын сақтап қалды; Иван Дычко 70-тен 67-орынға көтерілді; Руслан Мырсатаев үш саты жоғарылап, 80-орынға жайғасты.

Бірінші ауыр салмақта Али Балоев 80-орыннан 69-ға көтерілді; Еділ Қожамбердиев 92-ші болып үздік 100 боксшының қатарына қосылды.

Екінші орта салмақ боксшысы Айдос Ербосынұлы бір саты жоғарылап, 17-ші болды; Нұрзат Сабыров 26-орыннан 27-ге төмендеді; Али Ахмедов 33-орында тұр (29-да еді).

Орта дивизионда отандық боксшылар бір сатыға төмендеген: Қанат Ислам 14-ші болды; Мейірім Нұрсұлтанов – 21-ші, Жәнібек Әлімханұлы – 32-ші орынға түсті. IBO әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі.

Бірінші орта салмақ өкілі Садриддин Ахмедов 40-тан 39-орынға жоғарылады; Мадияр Ашкеев 66-ны сақтап қалды.

Жартылай орта салмақ боксшысы Данияр Елеусінов 37-қатарда қалды, Нұрсұлтан Жаңабаев – 64-ші (-2), Бобиржан Момынов – 74-ші (-4) орында тұр.

Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев бұрынғыша 8-ші орында тұр; Жанқош Тұраров 50-ден 48-ші қатарға көтерілді; Руслан Мадиев рейтингтің 97-ші орнында тұр.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Виктор Коточигов 18 қатарға төмендеп, 58-ші орынға жайғасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақ рангі туралы табельде Сұлтан Зәуірбек бес орынға жоғарылап, 70-шы орында тұр.