Қазақстандық бокстың тарихында тұңғыш рет әйелдер арасында халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 29 мамыр мен 2 маусым күндері аралығында Шортандыда қазақстандық бокстың тарихында тұңғыш рет әйелдер арасында халықаралық турнир өтеді.
None
None

Бүгін «Казахстанская правда» газеті ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағанындай, шаршы алаңда Қазақстан, Әзербайжан, Украина және Ресей елдерінің ұлттық құрамалары қолғап түйістірмек.

Тапкерлер біздің команданың алғашқы құрамына халықаралық деңгейдегі 6 спорт шеберін, үш шеберді және спортта еңбегі сіңген шебер, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Мария Вольнованы енгізіп отыр.

ҚР бірінші құрамының тізімі: Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша), Жайна Шекербекова (51 келі), Сәния Сұлтанқызы (54 келі), Оксана Королева (57 келі), Фирюза Шәріпова (60 келі), Саида Қасенова (64 келі), Дәриға Шәкімова (69 келі), Марина Вольнова (75 келі), Жұлдыз Маматқұлова (81 келі), Ляззат Күнгенбаева (81 келіден жоғары).

Соңғы жаңалықтар