Қазақстандық бойжеткен АҚШ-тың Бингхэмптон қаласындағы иммиграциялық орталықта орын алған қанды қырғынның еріксіз куәгері болды
НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың Бингхэмптон қаласындағы иммиграциялық орталықта орын алған қайғылы оқиға туралы ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Сол оқиғаның еріксіз куәгерлерінің ішінде қазақстандық бойжеткен Жанар Тоқтабаева да болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен аптада қарулы қылмыскер «Американың азаматтық қауымдастығы» ғимаратына кіріп, 13 адамды атып өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсаған болатын. Қайғылы оқиға кезінде орталықта 40-тан астам адам болған. Жанар ағылшын тілінің сабағында отырған кезде атыс-шабысты естиді. Оқытушы барлық оқушыларды қойма бөлмеге жасырып үлгереді. «Атыс ұзаққа созылды. Мен өмірімнің үзілгені жері осы деп ойладым»,- дейді Жанар Ассошиэйтед пресс агенттігіне берген сұхбатында.