Қазақстандық бойжеткендер гандболдан әлем чемпионатында Конго спортшыларын тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қазақстанның әйелдер командасы Данияда гандболдан әлем чемпионатында бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық бойжеткендер гандболдан әлем чемпионатында Конго спортшыларын тізе бүктірді

21-24 орындар үшін матчта біздің отандастарымыз тартысты ойында Конго Демократиялық Республикасының құрамасын буллит бойынша бір ұпай айырмашылықпен 31:30 (11:12, 15:14) ұтты.

Енді Қазақстан 21-ші орын үшін кубалықтарды 28:24 есебімен (15:12, 13:12) ұтқан Туниспен таласқа түспек.