09:26, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстандық былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатын жеңіспен бастады
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатының бастапқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Бұл туралы Vesti.kz жазады.
Жерлесіміздің қарсыласы Астанада өткен Азия олимпиадалық біліктілік турнирінің жеңімпазы, 2011 жылғы Азия чемпионатының финалисі қытайлық Лиу Цян болды. Кездесу нәтижесінде Әбдірахманов 2:1 жеңіске жетті.
4 шілде күні болатын келесі кездесуді қазақстандық спортшы ирандық Ганим Амирмен өткізеді.