Қазақстандық чемпион өзбек боксшысын жеңгеннен соң әлемдік рейтингі жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (3-0, 1 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде жеңіске жеткеннен кейін Boxrec.com сайтының рейтингінде өз орнын жақсартты. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық чемпион өзбек боксшысын жеңгеннен соң әлемдік рейтингі жоғарылады

Нұрдәулетов сегіз раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен өзбекстандық Фаррух Джураевты (6-5-1, 2 КО) жеңіп, BoxRec рейтингінде жартылай ауыр салмақта 12 позицияға: 134-тен 122-ші орынға көтерілді.

Еске салайық, Бекзад Нұрдәулетов өткен жылдың қазан айынан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп келеді. Ол сондай-ақ танзаниялық Ибрагим Маоколу (14-11-1, 9 КО) мен нигериялық Кабиру Товолавиді (15-4, 12 КО) сүріндірді. Нұрдәулетовтың әуесқой бокстағы ең үздік жетістігіне келетін болсақ, ол 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында алтын еншілеген еді.