Қазақстандық чемпиондардың нұсқаулары берілген «Жеке бапкер» мобильдік қосымшасы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы «Жеке бапкер» мобильді қосымшасын іске қосты.

Қазақстандық чемпиондардың нұсқаулары берілген «Жеке бапкер» мобильдік қосымшасы жасалды

«Жеке бапкер» қосымшасы спортпен шұғылдануға және спорттық дене бітімін сақтауға арналған. Ол жеткен жетістіктерді бақылап, оны достармен бөлісуге, саламатты өмір салты және дұрыс тамақтану жөнінде жаңашылдықтарды білуге, жаттықтырудың өзіндік тиімді бағдарламасын құруға көмектеседі», - деп хабарлады конфедерацияның баспасөз қызметінен.

Пайдаланушылар қосымшаның жаттығу жұмыстары, қадам есептегіш, тамақтану, тамыр соғуының диагностикасы, музыка жазылған парақша және тағы баста бөлімдерге қол жеткізе алады.

Жаттықтыру жұмыстарының фото және видеонұсқауларын құруға кәсіби спортшылар - әйелдер күресі бойынша Олимпиада жүлдегері Гузель Манюрова және ауыр атлетика бойынша әлем чемпионы Владимир Седов қатысты.

Қосымша Android және IOS платформалары үшін үш тілде құрылды.