Қазақстандық дәрігерлер дауасы жоқ ауру түрін емдеудің жолын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дәрігерлер дауасы жоқ ауру түрін емдеудің жолын тапты, деп жазады 24.kz.

Қазақстандық дәрігерлер дауасы жоқ ауру түрін емдеудің жолын тапты

Бірнеше күн бұрын Астанадағы нейрохирургиялық ұлттық орталықтың дәрігерлері ерейментаулық тұрғынға операция жасап, паркинсон ауруынан айықтыруға күш салды. Бұл жерде талма дертіне шалдыққандарды да емдеп жазады.

Әлемде паркинсон ауруына 60-тан асқан адамдардың 1%-ы шалдығады екен. Адамдардың өздігінен жүріп тұруынан айырылуы әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Ал елімізде осы дертке 20 мың науқас шалдыққан. Алайда, енді осындай науқастардың үміті қайта оянды.

Сапарғали Шәймерденов - 54жаста. Паркинсон ауруымен ол 2007 жылдан бері күресіп келеді. Дәріден нәтиже болмағандықтан, астаналық нейрохирургтер 13 маусымда оған операция жасады. «Операциядан кейін өзімді жақсы сезіне бастадым. Денем жеңілдеп қалғандай болды. Ал операцияға дейін өзімді нашар сезіндім. Аяқ-қолым дірілдеп тұратын. Ал қазір бәрі жақсы», - дейді емделуші.

Астаналық нейрохиругтар әлі де талай жетістіктерге жететіндеріне сенімді. Ал алдағы қыркүйекте Астанада әлемнің әр түкпірінен келген мықты нейрохиругтардың форумы өтеді.