09:11, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Қазақстандық дәрігерлер «қақтығыс ошақтарында» гуманитарлық миссия атқарып жүрген жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дәрігерлер Эбола безгегімен күрестегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының миссияларына, сонымен қатар «қақтығыс ошақтарындағы» гуманитарлық миссияға қатысып жүрген жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәлім етті.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Қызыл крестің Эболамен, Африкада ЖИТС-тің таралуымен күрестегі және басқа да бағыттардағы, оның ішінде әскери қақтығыстар орын алып жатқан аймақтардағы миссияларына қазақстандық дәрігерлер қатысқан жоқ», - делінген ведомство ақпаратында.