Қазақстандық дәрігерлер тәулігіне 2 мың ота жасайды

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық дәрігерлер тәулігіне 2 мың ота жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Қазақстандық дәрігерлер тәулігіне 2 мың ота жасайды

«Біздің медициналық ұйымдардың денсаулық сақтау жүйесінде тәулігіне 2 мың ота, оның ішінде жоғары технологиялық оталар жасалады», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, Қазақстанда жедел жәрдем қызметтері бір күннің ішінде 18 мыңнан астам шақыртуларға қызмет көрсетеді.