17:02, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі бірінші қосымша кеңесіне қатысады
амырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 6-7-сі күндері Венада «Гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету, әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге қатысуы» тақырыбындағы ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі бірінші қосымша кеңесі өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шараға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының және бизнес қоғамдастығының 100-ден астам өкілдері қатысады. Оған атсалысатын қазақстандық делегацияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова бастап барады», деді ресми өкіл.