Қазақстандық делегация Кремльде Ғарышкерлер күнін мерекелеуге қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожиннің басшылығымен қазақстандық делегация Мәскеуге ғарышкерлік күніне арналған мерекелік шараға шақырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Кремль сарайында өтетін салтанатты кеште, сондай-ақ, «Алғашқылар дәуірі» фильмінің көрсетілімі өтеді, - делінген «Роскосмос» МК бас директоры Игорь Комаровтың шақыртуында.
«Мұндай жиынға әдетте ғарышкерлер, олардың отбасы мүшелері қатысады. Биыл қазақстандық ғарышкерлерден (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов) басқа ҚАӨМ, АҒК, Қазғарыш кәсіпорнының басшылары қатысты. Бұл ресейлік әріптестермен достастық пен берік ынтымақтастығымызды көрсетеді», - деп атап өтті Марат Нұрғожин.