Қазақстандық делегация ЮНВТО Атқарушы Кеңесінің сессиясына қатысты

АНА. 1 қараша. ҚазАқпарат. 24-26 қазан аралығында Киш аралында (Иран Ислам Республикасы) Қазақстан 2007 жылдан бастап мүше болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйымның Атқарушы Кеңесінің сексен тоғызыншы сессиясы өткізілді,

Қазақстандық делегация ЮНВТО  Атқарушы Кеңесінің  сессиясына қатысты

деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырысқа Кеңеске мүше елдердің, Қосылған мүшелер, сондай-ақ бақылаушы елдер өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов бастап барды.

Отырыс барысында әлемдік туризм үдерісі мәселелері талқыланып, 2010-2011 жылдарға арналған жалпы жұмыс жоспарының орындалуы қарастырылды, сондай-ақ ЮНВТО-ның Бас хатшысы Т. Рифаидың ұйым қызметі туралы баяндамасы тындалды.

Бас хатшы Кеңес назарына қайта қарастырылған Ақ кітаптың 89-шы сессиясында айтылған қажетті ескертулер мен ұсыныстармен толықтырылған жаңа нұсқасын ұсынды.

Сессия жұмысының барысында министр М. Досмұхамбетов ЮНВТО Бас хатшысы Т. Рифаимен және Иран Ислам Республикасының вице-президенті Хамит Багаимен кездесті және басқа елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерінің өкілдерімен туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келіссөздер жүргізді.