Қазақстандық делегацияның Түркияға сапарының барысында екі елдің Кеден одағы аясындағы ынтымақтастығы талқыланды
Министрдің өзі бастап барған делегацияның құрамында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялардың және жеке сектордың өкілдері болды.
Сапар барысында Әсет Исекешев Түркия Президенті Абдулла Гүлдің қабылдауында болды және Түркия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары әрі Мемлекеттік министрі Әли Бабажанмен, сондай-ақ Мемлекеттік министр Зафер Чағлаянмен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздерге - қазақ-түрік қатынастарының экономикалық саласындағы мәселелері, түрік өндіріс орындарының қатынасуымен Қазақстанда индустриялық аймақ құру, екі елдің Ресей, Беларус және Қазақстан арасындағы Кедендік Одақ аясындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастығын жеделдету мәселелері арқау болды.
Атап айтқанда, Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен болған кездесудің барысында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі Халықтарының Кеңесі төңірегінде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа байланысты мәселелер және Түркия Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы іс-сапарына қатысты мәселелер сөз болды.
Әсет Исекешевтің Түркия Мемлекеттік министрі Әли Бабажанмен болған кездесуінде Түркия экономикасын толғандыратын сұрақтар болып табылатын әрі 2009 жылдың қазан айында қол қойылған Стратегиялық әріптестік жөніндегі келіссөз төңірегінде туысқан екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Аталмыш мәселелер Түркияның Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік министрі З.Чалаянмен болған кездесуде де жалғасын тапты. Бұл жүздесулердің барысында А.Исекешев осы жылдың қаңтар айының 1-інен бастап күшіне енген Белоруссия, Ресей және Қазақстан арасындағы Кедендік Одақтың өзара инвестициялық жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Кездесу соңында жаңа шарттар жағдайында екі ел арасында үкіметаралық деңгейде жұмыс жасап жатқан өзара экономикалық комиссияға қосымша экономикалық ынтымақтастықтың нақты әрі тиімді тетігін құру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.