Қазақстандық Денис Кузин - 1000 метр қашықтықта әлем чемпионы

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Кузин Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан коникьмен жүгіру спорты бойынша жеке қашықтықтарда әлем чемпионы болды.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Тоғызыншы жұпта 1000 метрлік дистанцияны жүгірген Кузин 1 минут 9,14 секунд нәтижені көрсетті. Екінші орынды оңтүстіккорейлік Тай Бум Мо, ал «қоланы» америкалық Шани Дэвис жеңіп алдды.

Кузин әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы болды. Жалғыз бір жолы ғана жүлдегерлер үштігіне Людмила Прокашева енген болатын, ол 1996 жылы 3000 метр қашықтықта үшінші келді.
Еске салайық, 1500 метр қашықтықта Кузин 18-інші орын алды, ал Дмитрий Бабенко 21-інші болды.
Конькимен жүгіру спорты. Жеке қашықтықтарда әлем чемпионаты. Сочи (Ресей)
Ерлер. 1000 метр:
1. Денис Кузин (Қазақстан) - 1.09,14;
2. Тай Бум Мо (Оңтүстік Корея) - 1.09,24 (+0.10);
3. Шани Дэвис (АҚШ) - 1.09,30 (+0.16).

Соңғы жаңалықтар