Қазақстандық десантшылар биылғы жылы алғаш рет суға парашютпен секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері парашюттік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізді. Осы жылы десантшылар алғаш рет су бетіне парашютпен секірді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық десантшылар биылғы жылы алғаш рет суға парашютпен секірді

Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің 200-ге жуық әскери қызметшісі 600 метр биіктіктен Ми-17 тікұшағынан парашютпен секірді.  Суға секіру дайындықтан тұратын бірқатар ерекшеліктермен айрықшаланады. Секірер алдында жеке құрам 100 метрге жүзу бойынша сынақ тапсыруы тиіс. Сондай-ақ  суға түсу кезінде арнайы жаттығуды өткіззу. Яғни, әскери қызметшілер, кезекпен-кезек аспалы жүйені ағытып, авиациялық құтқару кеудешесін пайдалана білуі тиіс. Бұл ретте парашюттік жүйе адамды бүркейтіндігі аса қауіпті болып табылады.

 Секіргендер арасында тәжірибелі офицер-нұсқаушылар және бірінші рет секірген келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де болды. Бұл ретте десантшылар қойылған тапсырмаларды да пысықтады. Сонымен, парашютпен секіріп, суға түскеннен кейін олар құрғақ жерге шығып, Қапшағай жағалауының қорғанысына тұруға тиіс болды. Секірулер 4-сериялы Д-6 парашютімен орындалғанын айта кетейік.  

null null null null null null null null null null null null null null null null null