Қазақстандық десантшылар Эльбрус шыңдарында өтетін әскери сайысқа дайындалуда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері «Армия ойындары - 2016» халықаралық жарысы шеңберінде өтетін десант биатлонына дайындалуда.

Қазақстандық десантшылар Эльбрус шыңдарында өтетін әскери сайысқа дайындалуда (ФОТО)

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, десантты түсіру, таулы жерде барлау, жауынгерлер мен қару-жарақты бір жерден екінші жерге көшіру - бұл десант биатлонына қатысатындардың басты іс-қимылдары. Дайындық кезінде әскерилер Текеліде түрлі жерлермен жүрді, әуе десанттауды, қаруды ұстау және қарсыластың тылында ұрыс жүргізуді қайталады.

Одан басқа, таулы жерде барлауда жауынгерлердің дайындығы тексерілді. Мұнда әскерилер табиғи бөгеттерден өтуі тиіс еді.

«Біз тік жартасқа өрмеледік. Бұл қажетті жаттығу. Ол үшін қайсарлық және биіктіктен қорықпау керек. Осы жаттығуды орындау кезінде командалық жұмысымыз тексеріледі», - деді 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Рамазан Ерғали.

«Армия халықаралық ойындары - 2016» сайысына дайындалумен қатар әскери қызметшілер «Эльбрус шығыршығы - 2016» халықаралық додасына қатысу үшін де жауынгерлік даярлық деңгейін шыңдайды.

Аталмыш жарыс Ресей Федерациясында өтеді. Теңіз деңгейіндегі 5 642 метр биіктікте Эльбрус шыңын бағындыруда өзге елдердің әскери альпинистерімен күш сынасуда әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқан арқылы өту және таулы жерде жаралыны алып жүру секілді элементтерді пысықтайды.
null null null null null null null null null null null null null null