Қазақстандық десантшылар халықаралық армия ойындарына қатысады

None
None
ПСКОВ. ҚазАқпарат - V халықаралық армия ойындарының «Десанттық взвод» конкурсына қатысатын әскери қызметшілері Ресей Федерациясының әскери атағы шыққан Псков қаласына келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық команда Псковқа соңғылардың бірі болып келді. Десантшылардың тасымалы Алматы-Ақтөбе-Чкаловск-Псков бағытымен өтті. Сайысты ұйымдастырушылар қазақстандық команданы ерекше көңіл мен жылу жүзбен қарсы алды. Отандық десантшыларды сайыс өтетін 76 гвардиялық десанттық-шабуылдаушы дивизияның үй-жайына қоныстандырды.

Әскери қызметшілер су жаңа казарманың үй-жайларында орналасты. Іште қару сақтау бөлмесінен, киім жуатын машиналарға дейін керек-жарақтың барлығы бар. Десантшылардың көңіл күйлері өте жақсы. Ертеңгі күні оларды мәдени-танымдық серуен мен бірінші жаттығулары күтіп тұр.

Қазақстандық әскери қызметшілерді күтіп алған дивизия командирінің орынбасары полковник Роман Самохин осы сайысқа қазақстандық десантшылардың қатысуы сайыстың дәрежесін көтеріп, мәртебесін асыратынын жасырмады. Себебі, біздің десантшылар посткеңестік елдердің ішінде ең мықтылардың бірі болып танылған.

«Биылғы жылғы V халықаралық армиялық ойындар 3-17 тамыз аралығында, 10 елдің аумағында өтетін болады. Олар: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей мен Өзбекстан. «Десанттық взвод» конкурсына ұзын саны 20 елдің өкілдері қатысатын болады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар