Қазақстандық десантшылар Ресей полигонында парашютпен қарғыды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери қызметшілер – «АрМИ-2019» аясындағы «Десанттық взвод» байқауы халықаралық кезеңінің қатысушылары Псков жерінде парашютпен таныстырылымдық секіруді орындады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қарумен толық жарақтандыруда ойынға қатысушы 21 елдің өкілдері секірді. Бөлімше құрамындағы десанттау сайысқа түсуге тура келетін парашют жүйелерін қолдана отырып, 600 және 800 метр биіктіктен жүргізілді. Алаңға қонғаннан кейін команда берілген бағдар бойынша 10 шақырым жүгірді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Армия халықаралық ойындары бесінші рет өткізілуде. Ойынның ауқымы 10 мемлекеттің, яғни, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстанның аумағына жетті. Шараға 30-дан аса елден 6 мыңнан аса әскери қызметші қатысады.

