09:55, 08 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстандық Димаш Молдашев - Универсиаданың күміс жүлдегері
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық Димаш Молдашев Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың күміс жүлдесін иеленді. Ол белбеу күрестен (еркін) 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ақтық сында отандасымыз Ресей өкілі Алибек Лепшоковқа жол берді. Қола жүлдені Зайлобиддин Артиков (Өзбекстан) пен Игорь Бесляга (Молдавия) иеленді.