Қазақстандық діни жамағатты ізгілікке, мінәжатқа шақырып, Қазақстанның рухани негізінің нығаюына үлес қосамыз - Қазақстан Митрополиті - Александр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуі митрополиттік округының басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр барша православ діндар жамағатын және қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.
ҚазАқпарат оқырмандарға құттықтау мәтінін ұсынады.
Қымбатты бауыр-қарындастар, Қазақстан жерінің тұрғындары!
Рождество және Иисус Христостың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Аспан күштері қуануда, және де жер мен адамдар тойлауда...» - евангелиялық бұл хабар адамдардың жүрегіне үміт ұялатып, шығармашылық қуатын оятады, Құдай мен адамдарға қызмет етуге жетелейді.
Құдайдың шексіз махаббаты Христосқа сенушілерді зұлымдықтан құтқару және оның рухани тұрғыда қайта дүниеге келуі үшін Ұлы Жаратушы жерге түскенінен көрінеді. Бұл күндері жаңа пайғамбар немесе мұғалім, дана басқарушы немесе ұлы батыр туғанын емес, адамдардың күнәларын өтеу үшін осы әлемді Жаратушының өзі адам тұлғасында жерге түсуіне құлшылық етеміз.
Христостың тууы Құдайдың бар екенін айғақтап, онымен сырласу мүмкіндігі бар екенін растайды. «Сөз де тәнге айналып, бізбен бірге тұрды», - деді Иисус Христостың оқушысы апостол Иоанн Богослов. Христостың әлемге келуі адамзатқа ұлы әрі баға жетпес сый - Құдайды тану, өмір мәнінің пайда болуын, күнәдан арылу жолын, өлімді жеңу, жәннәт және мәңгілік рахатты әкеледі. Құдай уағыздары бойынша Христосқа деген сенім және рақымды өмір біз үшін Құдайға қосылудың әдісі ғана емес, Құтқарушымызға деген сый.
2015 жылы православ сенімдегілерді айтулы даталар күтуде: Дүниеден өткен Алматы митрополиті Николайды, қасиетті митрополит Иосифті (Чернов) еске алу, Алматы Вознесенск кафедральдық соборының Орыс православ шіркеуіне қайтарылуының 20 жылдығын атап өтеміз. Қазақстандық діни жамағатты ізгілікке, мінәжатқа шақырып, біздің митрополиттік округте шіркеу өмірінің дамуына қамқор болып, адамдарға әлемді құтқарушы Иисус Христос әкелген бейбітшілік пен махаббатты көрсетеміз және Отанымыз - Қазақстанның рухани негізінің нығаюына үлес қосамыз.
Құдайдың сүйікті ұл-қыздары, сіздердің барлықтарыңызды Рождество мерекесімен құттықтаймыз. Ағымдағы жыл Құдайдың шапағатына толы болсын, бейбіт және сәтті уақыт болсын, барлық қазақстандықтар оны рухани тазалықта және Құдайға сеніп өткізсін!