12:13, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстандық дипломаттар халық санағын өткізуге дайындалуда
БІШКЕК. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - 2009 жылы Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағын ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдерде де халық санағын өткізуге дайындалуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстанның Бішкектегі Елшілігінің ақпараты бойынша, халық санағының толыққанды және өткізілу сапасын бақылау Қазақстанның шетелдік мекемелерінің басшыларына жүктеліп отыр. Елшіліктің консулдық бөліміндегілердің хабарлауынша, Қазақстанның шетелдік мекемелерінде санақ шет елдердегі дипломатиялық және басқа да өкілдіктерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін қамтиды.