22:28, 14 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық дипломаттар аз қамтылған отбасылардың балаларына ноутбук табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Бүгін қазақстандық дипломаттардың атынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 150 ноутбук беру рәсімі өтті. Рәсім барысында «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» АҚБ өкілдері ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин басқаратын «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы арнайы меморандумға қол қойды», - делінген еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.