Қазақстандық Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореядағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин оңтүстіккореялық Кванджудағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореядағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды

Универсиаданың екінші күні Қазақстанға алғашқы «алтын» әкелді. Қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасспен жүзуде ағылшындар Джеймс Уилби мен Крейг Бесоннан алға озып, жеңімпаз атанды.