03:22, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстандық Дмитрий Баландин су спорты түрлерінен әлем чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Баландин жүз метрге дейін жүзу бағамы бойынша финалдық ойынға жолдама алды.

Дмитрий Баландин екінші жартылай финалдық жүзу кезеңінде қашықтықты 59,39 секундта бағындырды.
Алғашқы жартылай финалда үздік нәтижені оңтүстікафрикалық Кэмерон ван дер Бург (58,49) көрсетсе, екіншісінде британиялық Адам Пити (58,18) топ жарды.
Бұл қашықтықта жүзу финалы тамыздың 3-і күні өтеді, деп жазады Аламан порталы.