Қазақстандық Дмитрий Гааг Қытайда өткен триатлон бойынша Азия Кубогында екінші орынды жеңіп алды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қытайлық Фучжоу қаласында триатлон бойынша Азия Кубогы аяқталды. Онда Щучинск қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігі әскерінің орталық спорт клубындағы жаттықтыру орталығының әскери қызметкер спортшысы
None
None

Дмитрий Гааг екінші орынды жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жарыстарға әлемнің 12 елінен келген 40 атлет қатысты. Қазақстанды спортшы мәре кезінде қытайлық Фагуан Байдан небары 27 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды даниялық Йенс Тофт жеңіп алды.

Қазақстандық әскердің 20 жылдығы қарсаңында ҚР Қарулы күштері құрама тобының 6 мүшесі Түркиядағы Еуропа Кубогына қатысқанын атап өту керек. Нәтижелері кейінірек жарияланады.

Соңғы жаңалықтар