Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары эскпортқа шығарылмақ. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ мен Сербияның «YUGOIMPORT-SDPR» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсеміз», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев басқосуда.

Сондай-ақ, келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды. Оның ішінде, заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген.

Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесе өндірмек.

«Біздің компания үшін бұл – дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді», - деді «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов.


Фото: пресс-служба МИИР РК
Соңғы жаңалықтар