Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды

None
Фото: instagram.com/drs_kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Франция астанасында «Paris Grand Slam 2023» халықаралық жарысында қазақстандықтар 2 алтынға қоса 1 күміс медаль жеңіп алды.

Аталған додаға Қазақстаннан 11 спортшы қатысты. Доданың алғашқы күні не-ваза бөлімінде 69 келі салмақта сынға түскен Мансұр Хабибулла жеңіс тұғырынан көрінді. Ал файтингте Самат Сәрсенұлы (56 кг) алтын, Ғибрат Әмірше (56 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Үш күнге созылған турнирде 26 елден 900 спортшы бақ сынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан ерлер құрамасының Испанияда грек-рим күресінен топ жарғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram