Қазақстандық «Джоли» АҚШ-та бірінші кәсіби жекпе-жегін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливудтың кино жұлдызы Анджелина Джолиге ұқастығымен танымалдыққа ие болған былғары қолғап шебері Зарина Цолоева кәсіби боксқа ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық «Джоли» АҚШ-та бірінші кәсіби жекпе-жегін өткізеді

Заринаның АҚШ-та өткізетін алғашқы жекпе-жегінің күні де белгілі.

«Сіздерге бірінші кәсіби жекпе-жегім өтетін күнін хабарламақпын. Ол 2 қараша күні Луизианада (АҚШ) өтеді, қарсыласым - мексикалық», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, Зарина Цолоева 2014 жылы 64 келі салмақ санатында Қазақстанның чемпионы атанған болатын. Ал ағымдағы жылы ол республика біріншілігінде дәл осы салмақта қола медальді қанағат тұтқан еді.