Қазақстандық «Джолидің» алғашқы жекпе-жегі кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Джоли» атанып кеткен боксшы Зарина Цолоеваның АҚШ-та Селина Барриосқа қарсы 2 қарашаға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Спортшы бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Зарина Цолоеваның алғашқы жекпе-жегі денсаулығының сыр беруіне байланысты өтпей қалған.

«Мен АҚШ-қа жол жүрер алдында қатты ауырып қалдым.  Емделіп жазылған сияқты болдым. Алайда басқа елге келгеннен кейін климат және басқа жағдайлар әсер етті ме ауруым асқынып кетті. Мен жаттықтырушыммен келісіп, денсаулық бәрінен де маңызды деп шештік. Жақында мені рингте көретін боласыздар», - деп жазады спортшы.

Бұл Цолоеваның кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуі болушы еді.

Айта кетейік, Қазақстандық «Джоли» атанып кеткен  Цолоева АҚШ-та бірінші кәсіби жекпе-жегін өткізетіндігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз .

Всем Привет! Хочу сообщить новость которая расстроит многих,кто искренне ждал и переживал заранее за мой бой! До отъезда в США🇺🇸 я переболела очень сильно,пыталась скорее выздороветь,вроде бы вылечилась но это было лишь поверхностно,приехала в США и вот,перемена часового пояса,перемена климата и моя болезнь взяла вверх перед самым боем!😞 мы с тренером решили что наше здоровье сейчас намного важнее для будущих больших побед,Иншаллах! Всем спасибо кто так ждал и переживал! Совсем скоро вы увидите меня на ринге где буду Пархать как Бабочка и жалить как Оса😊🔥☝️

Публикация от ЗАРИНА ЦОЛОЕВА👑👑👑 (@zarina_tsoloyeva_official) Ноя 1 2017 в 8:37 PDT

Соңғы жаңалықтар