Қазақстандық дзюдошы Асхат Тельманов - «Үлкен дулыға» турнирінің күміс жүлдегері

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бакуде «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандық дзюдошы Асхат Тельманов күміс жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Ақтық сынға шығу үшін таласта жерлесіміз украиндық Сергей Бобырь, француз Софинан Милус және түрік Ахмет Кабты тізе бүктірді. Шешуші айқаста Асхат моңғол спортшысы Амартувшин Дашдавааға жол берді.

Бұл Қазақстан қоржынына келіп түскен алғашқы жүлде. Турнирдің жалпы есебінде Қазақстан бесінші орынға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар