Қазақстандық дзюдошы Еуропа Кубогының қола жүлдесіне ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Александра Подрядова (48 келі) Еуропа Кубогының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлады ҚР жекпе-жек және күрес түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық дзюдошы Еуропа Кубогының қола жүлдесіне ие болды

Сайыстар Орынбор қаласында өтуде.

«Қазақстандық дзюдошы Александра Подрядова (48 келі) Орынборда Еуропа Кубогының қола жүлдесіне ие болды. Кіші финалда Шымкенттік спортшы татамиде ресейлік Алана Лазаровадан басым түсті», - делінген таратылған ақпаратта.

Бірінші орынды Беларусь өкілі Катерина Нахаенка жеңіп алды. Күміс жүлде ресейлік Анна Дмитриеваға бұйырды.

Турнирге Австрия, Англия, Беларусь, Қазақстан, Испания, Италия, Польша, Франция, Украина, Чехия және басқа да елдерден 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Подрядова Жастар әлем чемпионаты-2006 (Санта-Доминго, Доминикан Республикасы) қола жүлдегері, Әлем кубогы-2012 (Ташкент) жеңімпазы, Еуропа Кубогы-2012 (Прага) қола жүлдегері, Әлемдік Гран-при-2013 (Алматы, Ташкент) күміс жүлдегері, Лондон Олимпиадасына (2012) және Бразилиядағы әлем чемпионатына (2013) қатысушы, Қазақстан чемпионатының (2013) күміс жүлдегері. Әлемдік рейтингіде 27 орында және Олимпиадалық рейтингіде 16 орында келеді.