Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Елдос Жұмақанов дзюдодан Будапеште өтіп жатқан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Елдос 66 кг салмақта төрт бірдей қарсыласын ұтып, финалға дейін алқынбай жетті.

Аса тартысты өткен соңғы бәсекеде моңғолиялық Херлен Гандболтқа есе жіберді.

Гран-при турнирі сенбі күні де жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің Будапеште алтын алғанын жазған болатынбыз.