Қазақстандық дзюдошы «Grand-Prix» жарысының қола жүлдесін иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында дзюдо күресінен өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Александра Подрядова қола жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясынан.
Жарыс жолын екінші айналымнан бастаған Александра, моңғол дзюдошысы Бишрэлт Хорлоодойдан басым түсіп, жартылай финалда кәріс спортшысы Канг Юженгтан ұтылып, үшінші орынға күресті. Қола үшін кездесуде қытайлық Джан Яхонгтан айласын асырып үшінші орын алды. Айта кетейік, А.Подрядова Жастар әлем чемпионаты-2006 (Санта-Доминго, Доминикан Республикасы) қола жүлдегері, Әлем кубогы-2012 (Ташкент) жеңімпазы, Еуропа Кубогы-2012 (Прага) қола жүлдегері, Әлемдік Гран-при-2013 (Алматы, Ташкент) күміс жүлдегері, Лондон Олимпиадасына (2012) және Бразилиядағы әлем чемпионатына (2013) қатысушы, Қазақстан чемпионатының (2013) күміс жүлдегері.