Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Ташкенттен алтын жүлдемен оралды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент бас жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Қазақстандықтар көршілес елден 1 алтын жүлдені еншілеп қайтты. 78 келі салмақта Гүлжан Исановаға тең келгендер болмады. Жарыстың күміс жүлдесін біздің жерлесіміз Александра Подрядова (48 келі), «қола» медальді - Назгүл Құбашева (57 келі), Мариан Урдабаева (63 келі) және Альбина Амангелдинова (78 келі) иеленді. Ал ерлер Ташкентте 5-орыннан аса алмады.

Соңғы жаңалықтар