Қазақстандық дзюдошы қадеттер арасында Еуропа кубогын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек (40 келі) Чехияда 10-11 мамырда өткен қадеттер арасындағы Еуропа кубогын жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.
«Чехияның Теплице қаласында болған бәсекеде Науатбек СандарТамаси (Венгрия), Молли Харби (Ұлыбритания), Чичек Ақюзден басым түсті (Түркия). Ал қола медальді Аида Карчаеваға бұйырды», делінген хабарламада.