19:19, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстандық дзюдошы Кореяда өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) Кореяда өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен.

Алдымен ол түрік спортшысы Ебру Сахинді ұтып, келесі кездесуінде италиялық Валентина Москатты жеңді. Бұдан кейін, румыниялық Моника Унгрианудан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ақтық сынға шығу сәтінде ол Сара Мензесті ұтып, финалда Венгрия дзюдошысы Лондон Олимпиадасының және әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ева Черновицкиді жеңіп, алтынға ие болды. Осылайша, спортшымыз Рио Олимпиадасы үшін 300 ұпай иеленді. Ал, 66 келі салмақ дәрежесінде Азамат Мұқанов бесінші орынға тұрақтап, 60 ұпай иеленді. 28 қараша күні татамиге 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Руслан Әбдіразақов шығатын болады.