20:29, 20 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстандық дзюдошы Отгонцецег Галбадрах Қытайдағы сында қола алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 кг) Қытайдағы «Grand Prix» сынының қола иегері атанды, деп хабарлады ҚР Дзюдо федерациясынан.

Турнирдің алғашқы күнінде ерлер арасында Айбек Имашев бесінші орыннан көрінді. Еске сала кетейік, бүгін ерлер арасында 60 және 66 келі, әйелдер арасында 48 және 52 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар күш сынасты.
Ертеңгі жекпе-жектер «Қазспорт» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.